Жаңа жыл қарсаңында жетісулық 109 отбасыға жаңа баспаналар берілді

Аиса Махамбет Редактор
28.12.2024, 11:47
614
Жаңа жыл қарсаңында жетісулық 109 отбасыға жаңа баспаналар берілді Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Алакөл, Ақсу, Кербұлақ және Қараталдың тұрғындары қоныс тойын тойлатты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жаңа жыл қарсаңында Жетісу облысында Алакөл, Ақсу, Кербұлақ және Қаратал аудандарында 109 отбасы үйлі болды. 

Алакөл ауданында жаңа үйдің кілттері кезекте тұрған көп балалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтарға табысталды. Бұл үйлердің әрқайсысының жалпы ауданы 60-70 шаршы метр, абаттандырылған жеке учаскесі бар. Соның ішінде 60 жаңа үй сатып алынып, 10-ы салынды. Жалпы бұл мақсатқа бюджеттен 1,4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Атап айтқанда, Үшарал қаласында 41 жалға берілетін жеке үй, Қабанбай ауылында 15 үй, Бескөл ауылында тағы 10, Қазақстан ауылында 4 үй пайдалануға берілді.

Жаңа қонысқа ие болушылардың бірі, үшаралдық көп балалы ана Айжан Жақанбаева:

Тұрғын үй кезегінде тұрғаныма 8 жылдан асты, 6 баламен үй жалдап тұрып келдім. Бұл бізге, әрине, оңай болған жоқ. Жалдаған үйдің жағдайы да үнемі жақсы бола бермейді. Енді, міне, отбасымыз өз үйіне қол жеткізіп, қуанып жатырмыз. Қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Барлық жаңа қоныс иелерін құттықтаймын, - деді.

Ал Ақсу ауданында кезекте тұрғандарға Жансүгіров ауылынан 24 пәтерлі 3 қабатты жалға берілетін үйдің кілттері табысталды. Пәтерлер ауданда кезекте тұрған әлеуметтік осал санаттағыларға, көп балалы отбасыларға, жетім балаларға берілді. Бұл үйде алты 2 және 3 бөлмелі пәтер және 12 бір бөлмелі пәтер бар.

Кербұлақ ауданының Басши, Жайнақ батыр, Жаңалық ауылдары мен Қаратал ауданының Қаражиде ауылының 15 тұрғыны Жаңа жыл мерекесін  жаңа қоныста тойламақ. Оларға жалға берілетін жеке тұрғын үйлердің кілттері табысталды.

Жалпы биыл облыста жаңадан салу және сатып алу есебінен 2 708 отбасы үйлі болды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады