«Сырттан соққы болғаны рас»: аман қалған тағы бір бортсерік апаттың шындығын айтты (ВИДЕО)

28.12.2024, 12:58
1467
«Сырттан соққы болғаны рас»: аман қалған тағы бір бортсерік апаттың шындығын айтты (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Бортсерік командир суға құлайтынымызды айтты дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 25 желтоқсан күні Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines ұшағының апатында аман қалған бортсерік оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Жергілікті басылым тірі қалған бортсерік Зульфугар Асадовтың жергілікті телеарнада көрсетілген сұхбатының аудармасымен бөлісті.

Асадовтың айтуынша, Грозныйға ұшу кезінде апаттық қонуға дейін ұшақ бортында төтенше жағдай болған.

"Біз сағат 8:00-де Грозныйға ұштық. Қону кезінде әуежайды қалың тұман басып тұрғанын көрдік, бірақ көрінудің нашарлығынан тұман басылады деген үмітпен айналып өтуге мәжбүр болдық. Алайда екінші және үшінші қону әрекеті де сәтсіз аяқталды", - деді Зулфугар Асадов.

Оның айтуынша, ұшқыш жақын жердегі әуежайға баруды шешкен.

"Алайда сол кезде ұшақтың сыртынан біртүрлі дыбыс естілді, мен әріптесім Айдан Рахимлимен бірге жолаушылар арасында дүрбелең басталғанын көрдік..." дейді бортсерік.

Нәтижесінде борттағы жағдай біраз уақытқа бақылауға алынды. Бортсеріктер жолаушыларды тыныштандырды. Алайда Асадовтың өзі осы сәтте қолын кесіп алды.

"Сол кезде ұшақтың сыртынан болған соққының салдарынан қолым кесіліп қалды. Сүлгімді алып, қолымды таңып, қатты қатайттым. Айдан көмектесті. Біз ұшуды жалғастырдық. Мен Айданға өз орнына отыруын айтып, өзім де орныма отырдым. Бұдан кейін экипаж командирі қону орнын су бетінен жерге ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Ұшақтың қозғалтқышы істен шыққандықтан, ол шұғыл қонуға мәжбүр болды. Ал суға қатты қонған қайғылы оқиғаға толы болар еді, ұшақты шашыратып жіберуі мүмкін еді. Себебі менің білуімше, мұндай жылдамдықтағы су беті бетоннан да қаттырақ. Ол ойынан қайтты, біз құрлыққа қарай ұштық. Біз де, жолаушылар да нұсқау бойынша әрекет еттік", - дейді Асадов.

Сондай-ақ Зульфугар Асадов бірқатар ресейлік БАҚ-тың ұшу кезінде баллон жарылғаны туралы ақпаратына түсініктеме беріп, оны өтірік деп атады, деп жазады басылым.

"Егер оттегі баллонына бірдеңе болса, онда ұшақ жарылып кетер еді. Бортқа газ баллоны әкелінгені туралы ақпарат та шындыққа жанаспайды. Отырғызу кезінде барлық жолаушылар тексеріледі, бір нәрсені алып жүру мүмкін емес. Бұл қайғылы жағдай ұшаққа сыртқы әсер ету нәтижесінде пайда болды", - деді бортсерік.

Бакуден Грозныйға ұшу уақытын есептемегенде, Асадовтың айтуынша, борт ұшуға шамамен бір сағат жұмсаған. Ұшқыштар кейінірек қонуға мүмкіндік болу үшін ұшақты биіктікті жоғалтпай ұстап тұруға тырысты.

"Менің ойымша, жерге ең бірінші ұшақтың алдыңғы шассиі тиген. Егер ұшақ ұшып-қону жолағына, бір мезгілде, яғни алдыңғы және артқы шассиімен қатар тигенде, мүмкін, ешкім тірі қалмас еді. Алдыңғы шасси жерге тиіп кеткенде ұшақ екіге бөлінді, ұшақтың алдыңғы жағы ұшып кетті. Мен қансырап жатқаныма қарамастан есімді білдім, бірақ тыныс алу өте қиын болды.

Бортсерік Айдана Рахимли екеуміз есіктің жанында жаттық, мен оны ашуға тырыстым, ұшақтың қалған бөлігіне ауа кіргеннен кейін оңайырақ болды. Біз жолаушыларға көмектесіп, олармен бірге ұшақтан шыға бастадық. Бізді сыртта құтқару бригадасы күтті. Мен қолым ауыр жарақат алып, күшім қалмаған соң оларды шақырып алдым. Мен олардан тірі қалған жолаушыларды ұшақтан шығаруға көмектесуін өтіндім. Көрсетілген көмек үшін оларға рақмет!", - деді борсерік жергілікті телеарнаға.

Еске салсақ, бұған дейін апатқа ұшыраған ұшақтың бортсерігі Айдан Рахимли алғаш рет сұқбат берген болатын.

«Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті