«Осы рейстен соң жұмыстан шығамын деп еді»: ұшақ апатында қаза болған бортсеріктің әкесі алғаш сұхбат берді (ВИДЕО)

28.12.2024, 14:27
2020
«Осы рейстен соң жұмыстан шығамын деп еді»: ұшақ апатында қаза болған бортсеріктің әкесі алғаш сұхбат берді (ВИДЕО) SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Жолаушыларды сабырға шақырып, ерлік көрсеткен бортсерік апаттан қаза болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан бортсерік Хокума Әлиева осы рейстен соң жұмысын ауыстырмақ болған. Бұл туралы Информбюро бағдарламасы жеткізді.  

Ақтаудағы апаттан аман шыққан жолаушылар ұшақты басқарған экипаж мүшелерінің жанкештілігінің арқасында тірі қалғанын айтты. Әсіресе, "Бәрі жақсы болады" деп адамдарды сабырға шақырып, төтенше жағдайдағы қауіпсіздік ережесін түсіндірген бортсерігі Хокума Әлиеваның ерлігін ерекше атап өтті.

Жолаушылардың айтуынша, қызметкердің бұл әрекеті ондаған азаматтың өмірін сақтап қалған. Бірақ өкінішке қарай міндетін соңына дейін атқарған бортсеріктің өзі апатта ажал құшты. Хокума Әлиеваның ата-анасының айтуынша, қыздары осы сапарды аяқтаған соң, стюардесса қызметінен заңгер мамандығына ауысуы керек болған.

“Қызым 33 жаста еді. Оның AZAL компаниясында жұмыс істегеніне биыл 9 жыл болған. Өте ауыр жағдай. Аман қалғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін”, – дейді Хокума Әлиеваның әкесі Джалил Әлиев.  

7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды