«Райымбектің ұрпағын көбейту бұйырыпты»: Танымал әнші Ерке Есмахан үшінші баласына жүкті екенін айтты
Жақында 40 жасқа толған әнші сүйінші хабарды жеткізді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Ерке Есмахан оқырмандарымен жақсы жаңалығын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасында үшінші баласына жүкті екенін хабарлады.
“Сүйінші! Аллаға сансыз шүкір! Маған қазақтың санын, Райымбектің ұрпағын көбейту бұйырыпты. Алла тіл көзден сақтасын. Әр отбасында сәбидің күлкісі естілсін”, – делінген әншінің жазбасында.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор