Ақтөбелік мұғалім мен тіс маманы есірткі жасап, адам өлтірумен айналысқан

Аиса Махамбет Редактор
28.12.2024, 16:44
383
Ақтөбелік мұғалім мен тіс маманы есірткі жасап, адам өлтірумен айналысқан depositphotos.com

Өзіне тағылған айыпты мойындамай, психотроптық заттарды дайындамағанын, сақтамағанын, гаражды тіс протездерін дайындауға пайдаланғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 26 желтоқсанда Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінің 1,3-тармақтарымен, 28-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі 7,10-тармақтарымен айыпталған "Ж" және ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 1,3-тармақтарымен, 99-бабының 2-бөлігі 7,10-тармақтарымен айыпталған "С" қатысты үкім шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Тағылған айып бойынша, тарих пәнінінің мұғалімі "Ж" және стоматологиялық кабинетте тіс технигі "С" адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса iрi мөлшердегі психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындаған және сақтаған.

Сонымен қатар, "Ж" алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен, басқа қылмысты жасыру мақсатымен, басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату, яғни өлтіруді ұйымдастырған және оған басшылық жасаған, ал "С" алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен, басқа қылмысты жасыру мақсатымен, басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратқан, яғни өлтірген.

Сотта анықталғандай, "Ж" және "С" адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, 2023 жылдың наурыз айы мен 2024 жылғы 13 қаңтар аралығында Ақтөбе қаласында орналасқан гараж кооперативінен гараж жалға алып, онда психотроптық заттарды дайындайтын жасырын лаборатория ұйымдастырып, өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды, атап айтқанда "мефедронды" заңсыз дайындаған және сақтаған.

Дайындаған психотроптық заттарды өткізу үшін"Ж" танысы "Т" арқылы "Н"-ге психотроптық заттарды таратуға ұсыныс жасаған. Алайда "Н" ұсыныстан бас тартқан.

2024 жылғы қаңтарда "Н" әкімшілік құқық бұзушылық жасап 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған, сонымен қатар оның үстінен өткізу мақсатынсыз есірткі сақтау айыбымен қылмыстық іс қозғалған.

"Ж" мен "С" заңсыз есірткі айналымына қатысты әрекеттері әшкере болудан қорқып, қылмыстарын жасыру мақсатында "Ж" "Н" және өздерімен оны байланыстырып тұрған жәбірленуші "Т" полицияға заңсыз әрекеттерін айтып қоюының алдын алу мақсатында "Т" өлтіруді ұйымдастырып, оны іске асыруды "С" тапсырған. 13 қаңтарда сағат 17.00 шамасында олар "Т"-ны оңаша жерге алдап ертіп апарып, "С" пышақпен "Т"-ның денесіне бірнеше соққы жасап, қасақана өлтірген.

Сотталушы "Ж" өзіне тағылған айыпты мойындамай, психотроптық заттарды дайындамағанын, сақтамағанын, "С" әрекеттерінен хабарсыз екенін, ешкімді өлтірмегенін, "С"-ға ондай тапсырма бермегенін, "С" жәбірленуші "Т"-ны өлтіріп тастағанын білмегенін, қылмыстарға қатысы жоқтығын көрсетті.

Сотталушы "С" өзіне тағылған айыпты мойындамай, психотроптық заттарды дайындамағанын, сақтамағанын, гаражды тіс протездерін дайындауға пайдаланғанын, жәбірленуші "Т"-ны танымайтынын, оны өлтірген "Ж" екенін көрсетті.

ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің санкциясында 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге не өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің санкциясында смүлкi тәркiленiп, 10 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жаза тағайындау барысында қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушылардың бұрын сотталмағандары, жас балаларының болуы танылды.

Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай тапқан жоқ. Соттың үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, оларға 19 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталғандардан жәбірленушілер пайдасына әр қайсысынан 10 миллион теңге моральдық зиян үшін өтемақы өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

«Бар болғаны 85 шаршы метр»: Мәдина Сәдуақасова Алматының ең қымбат ауданынан қымбат пәтер сатып алғанын айтты Дариға Назарбаева Дубай әуежайында жүр «Жағдайын көре тұра, көмектеспеген»: 25 жастағы жүкті әйелдің өліміне кінәлі аурухана дәрігерлері жазасын алды Елімізде әрбір бесінші әйел қатерлі ісіктен қайтыс болады Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды басып өлтірді (ВИДЕО) «Біреуі домбыраны харам дейді, біреуі туды қорлайды» – депутат Ермұрат Бәпи Абай облысындағы мектеп директоры мұғалімдеріне сарай мен монша салдырған Forbes әлемдік рейтиңінде қанша Қазақстан миллиардері жүргені анықталды Таиландта жұмыс істейтін Қазақстан азаматы жантүршігерлік жол апатынан қаза болды «Тіктіріп үлгермей жатырмын»: Гүлзира Айдарбекова ұлының сахнада костюмін сыйлап жібере беретінін айтты «Түнімен тігіп едім»: Түркиядағы митингке байланысты Динара Сәтжанның той көйлегі жете алмай қалды Астанада әкімдік жанындағы саябақтан Назарбаевтың суреттері алып тасталды «Күйеуге шыққанда қоямын»: Назым Қызайбай тұрмыс құрғасын боксты қоятынын айтты Екі жақты татуластыруға тыраштанып жүрген Трамп Ресей мен Украина президенттерінен көңілі қалғанын айтты Елімізде алдағы күндері ауа райы +35 градусқа дейін ыстық болмақ Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті