Ақтаудағы ұшақ апатынан соң бес ел Ресейге баратын рейстерді тоқтатты

29.12.2024, 10:50
1602
Ақтаудағы ұшақ апатынан соң бес ел Ресейге баратын рейстерді тоқтатты atvmedia.ru

Олардың қатарында Қазақстан да бар.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда ұшақ апатқа ұшырағаннан кейін бірнеше шетелдік әуекомпания Ресей қалаларына және одан шығатын рейстерді тоқтатты. Барлығы 100-ден астам рейс тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Flightradar мәліметі бойынша ең көп рейсті тоқтатқан әуекомпания – AZAL (Әзірбайжан әуе жолдары), 48 рейс тоқтады.

Компания 25 желтоқсаннан бастап Бакуден Грозный мен Махачкалаға, ал 28 желтоқсаннан бастап Минеральные Воды, Сочи, Волгоград, Уфа, Самара, Нижний Новгород, Владикавказ және Саратовқа рейстерді тоқтатты. Рейс қашан ашылатыны белгісіз, 5 қаңтарға дейінгі ақпарат қана бар.

FlyDubai кем дегенде 26 рейсті тоқтатты. 28 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Дубайдан Сочи мен Минеральные Водыға рейстерді тоқтататынын хабарлады. Бірақ Сочиден Дубайға және кері қарай тоғыз рейс орындалды.

27 желтоқсанда FlyDubai кешке Дубайдан Минеральные водыға ұшатын рейстен бас тартқан. Сонымен қатар 28 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында дәл осы бағытта тағы 8 рейс, Минеральные водыдан Дубайға 8 рейс орындалу керек еді.

26 желтоқсанда израильдік El Al компаниясы Тель-Авивтен Мәскеуге ұшпайтынын мәлімдеді. 26 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығындағы бес рейс орындалуы тиіс еді.

Қазақстандық Qazaq Air әуекомпаниясы 28 желтоқсан мен 27 қаңтар аралығында Астанадан Екатеринбургке ұшуды тоқтатты. 28 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында бұл бағыт бойынша 11 рейс (бесеуі Екатеринбургке, алтауы Астанаға) орындалуы тиіс.

Қазақстанда Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін Ресейге ұшуды тоқтатқан бесінші әуекомпания – Түркіменстан әуе жолдары.

Түркіменстан әуе компаниясы 30 желтоқсан мен 31 қаңтар аралығында Ашхабад-Мәскеу-Ашхабад бағыты бойынша тұрақты рейстерді тоқтатады. 

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді