Путин Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты Әлиевтен кешірім сұрады

29.12.2024, 12:28
688
Путин Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты Әлиевтен кешірім сұрады esp.md

Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Владимир Путин Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевке телефон соғып, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Әзірбайжан әуе жолдарының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты кешірім сұрады.

"Владимир Путин қайғылы оқиғаның Ресей әуе кеңістігінде орын алғаны үшін кешірім сұрап, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Әңгіме барысында кесте бойынша ұшатын Әзірбайжанның жолаушылар ұшағы Грозный әуежайына бірнеше рет қонуға әрекеттенгені айтылды. Бұл кезде Грозный, Моздок және Владикавказ қалалары украиналық әскери дрон аппараттардың шабуылына ұшырады, ал ресейлік әуе қорғаныс жүйелері бұл шабуылдарға тойтарыс берді", – делінген хабарламада.

Ресейдің тергеу комитеті “жол қозғалысы және әуе көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғағаны хабарланды. Алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, азаматтық және әскери мамандардан жауап алынуда.

Қазір Әзірбайжан бас прокуратурасының екі қызметкері Грозныйда жүр, олар Ресейдің бас прокуратурасы мен тергеу комитетінің өкілдерімен бірлесе жұмыс істеуде. Ақтаудағы апат орнында Ресей, Әзірбайжан және Қазақстанның тиісті қызметтері тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп жатқаны айтылған.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді