Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева 5 млн теңгемен марапатталды

30.12.2024, 09:15
675
Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева 5 млн теңгемен марапатталды instagram.com/boxingkazakhstan

Әйгерім Сәттібаева – танымал боксшы, әлем чемпионатының үздігі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясы бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионатының және жастар арасындағы әлем чемпионатының үздіктерін марапаттады.

Жүлделі орындардан көрінген боксшылар мен олардың бапкерлеріне қаржылай сыйақы табысталды. Халықаралық аламанда атой салған боксшыларға 3,5 млн, ал олардың бапкерлеріне 1,5 млн теңге табысталса, бұдан бөлек жүлделі орын алған былғары қолғап шеберлері 2 млн теңгемен, олардың бапкерлері 1 млн теңгемен марапатталды.

Солардың ішінде Азия чемпионатының қола жүлдегері, бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаеваға ерекше құрмет көрсетілді. Жамбылдық спортшыға 5 млн теңгенің сертификаты берілді.

Естеріңізде болса, Таиландта өткен сары құрлық біріншілігінде Әйгерім 48 келіде барын салып, үздік үштікке енді. Қарсыласынан 13 жас үлкен болғанына қарамастан, бабында екенін аңғартты. Әйтпесе ол ұзақ үзілістен соң құрама сапына жақында ғана оралған.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады