SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Uzbekistan Airways әуе компаниясының ұшқыштары Azerbaijan Airlines-ке (AZAL) тиесілі ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алу мақсатында Ақтаудың үстінен екі рет айналып өтті.
Oxu.Az мәліметінше, UzAirways борты Ташкенттен Грозныйға HY9701 рейсін орындаған.
Естеріңізге сала кетсек, 25 желтоқсан күні таңертең Azerbaijan Airlines-тің Embraer 190 ұшағы Бакуден Грозныйға шығып, алайда Ақтау әуежайы маңында апатқа ұшырады. Бортта 67 адам болса, соның 38-і қаза тапты, 29-ы аман қалған.
26 желтоқсанда зардап шеккен 14 адам мен қайтыс болған төрт адамның денесі Әзербайжанға жеткізілді.