Әлеуметтік төлемдер тұрғындардың әлеуетін арттырды ма?
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60%-дан 65%-ға дейін өсті, бұл 28 215 теңгеге тең. Ең жоғары мөлшері – ең төменгі күнкөріс деңгейінен 100%-дан 105%-ға дейін, бұл 45 578 теңгені құрайды.
Ел Үкіметінің мәліметінше, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын кезең-кезеңімен іске асыру басталды, олар 4,3 млн-нан астам жұмыс істейтін азаматтардың шоттарына аударылды. Бұл шара жастардың болашақ зейнетақысының деңгейін арттыруға бағытталған.
2024 жылы зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Жаңа арнайы әлеуметтік төлем енгізіліп, ол 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 13 мың адамға тағайындалды.
Жалпы, 2024 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік төлемдерге 5,3 трлн теңге бағытталды, бұл еліміздің бюджет шығыстарының жалпы көлемінің 22%-ын құрады. Аталған қаражат 4,5 млн азаматты қолдауға бағытталған.
Материал авторы