SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі рұқсатсыз біреудің затын алуға қатысты жазба жариялады.
“Бүгін Даратайым құмның арасынан әдемі әшекей тауып алды. Бәріміз "періште алтын көрсе жолдан таяды" дегендей әшекейдің әдемілігіне тамсанып тағып бердік. Бірер минуттан кейін, “біреудің затын алуға болмайды ғой, шешіп берші құмның үстіне қоя салайын” дедім. Қанша қызығып тұрса да одан бас тартты.
Ешкімнің ала жібін аттамай, ешкімге қиянат жасамай, біреудің отбасына, табысына, көз салмай Алланың таза жолымен жүруді нәсіп етсін”, – деп жазды әнші.
Еске салайық, өнер иесі қызының ерекше қасиетін айтып берген еді.
“Папамды сұраған Даратайыма қайтыс болғанын айтқам ғой. “Папаңды сағынып жатырсың ба?” деп мені құшақтап, бетімнен сүйіп жылайды.
“Сен өлмеші, Алла тағаладан мамам өлмесін деп күнде сұрасам өлмейсің бе?!” дейді. Қайдан естиді мұндайды, білмеймін. Тамағым ауырып тұрса, жағатынын әкеп “дайынсыз ба, емдейін сізді” деп тұрады. “Мына киімді ки, мынаны киме” деп ойларын айтады”, – деген еді эстрада жұлдызы.