«Оң аяғымның еті жұлынып кеткен»: Айжан Нұрмағамбетова өмірін өзгерткен жол апатын есіне алды

Аиса Махамбет Редактор
31.12.2024, 17:26
1727
«Оң аяғымның еті жұлынып кеткен»: Айжан Нұрмағамбетова өмірін өзгерткен жол апатын есіне алды жеке мұрағатынан

Аурухана төсегінде жатқанымда Мұқағали атамыз менің маңдайымнан сипап, “Тұра ғой, әніңді шырқа” деді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Айжан Нұрмағамбетова өмірін өзгерткен жол апатын есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды. 

Өнер иесі журналист Дина Төлепбергенге сұхбат беріп, денсаулығына қатысты сұраққа жауап берді. 

“Жол апатына 40 жасымда түстім. Оң аяғымның еті жыртылып кеткен. Төсекке танылып, үш ай жаттым. Одан кейін операциядан кейін тағы үш ай күтінуге тура келді. Қазір есептеп отырсам, екі жылдай оңалуға уақыт кетіпті. Тіл-көз де болған шығар. Сол кезде мен көп дүниенің қадірін білдім. Өмірге қайта келгендей болдым. Бұрын ешкімді жамандамай, дұшпанымды жауға қалдырмайтын адам едім. Одан кейін тіпті періште болдым. Осы күнге дейін ешкімге ауыр сөйлеп, қарғап көрмедім. “Бақыт” деген әнімнің мағынасын сезіндім. Мен түнде жол апатына түстім. Дәрігерлер түнгі үште ота жасады. Сол кезде мен “Тездетіп бітіре салыңыздар, ертең концертім” деп айттым. Алда мені не күтіп тұрғанын білген жоқпын. Өз бетіңше бет жуып, тамақ ішу – бақыт екен”, – деді әнші. 

Сондай-ақ өнер иесінің төсектен тұруына ақын Мұқағали Мақатаевтың аян бергені себеп болған. 

“Жол апатына дейін “Мен деп ойла” мен “Бақыт деген...” әндерді жарыққа шығарып үлгердім. Екеуі де – Мұқағалидікі. Ақтөбелік талантты композитор Бақтығали Жұмалин Алматыға келіп, эстрада әншілерімен жолыққысы келді. 30-ға жуық әншілер ұсыныстан бас тартты. Мен ғана жеті әнін таңдап алдым. Бірі – Мұқағали атамыздың “Бақыт деген...” әні болды. Бұл тегін емес.

Аурухана төсегінде жатқанда Мұқағали атамыз менің маңдайымнан сыйпап, “Тұра ғой, әніңді шырқа” дегендей аян берді. Сол кезде халыққа екі ән де кеңінен таралып жатқан еді”, – деді мәдениет қайраткері.   

Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша қолдан келгеннің бәрін жасадық – СІМ Айжұлдыз бен Сәкеннің Мальдивтегі романтикасы күтпеген жағдаймен аяқталды (ВИДЕО) Пәкістанда бала некесіне заңмен тыйым салынды Астанада түрік азаматы «тыйым салынған заттар» туралы әзілдеймін деп қамауға алынды Ұлыбритания соғысқа дайындық режиміне көшті – Стармер 21 млрд теңге жымқырған: «Amanat Drive» қаржы пирамидасы әшкереленді Haribo конфеттерінен каннабис табылды Каналға шомылуға барған бала суға батып кеткен Басты айыпталушы Абзал Шынасыл тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді Сотталушы Шерзаттың өліміне әкесі Қаржаубайды кінәлады Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ауа ластануына байланысты ескерту жасады «Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты