Илон Маск сайлау күнінен бері Трамптың резиденциясында тұрып жатыр — New York Times

01.01.2025, 11:17
728
Илон Маск сайлау күнінен бері Трамптың резиденциясында тұрып жатыр — New York Times Reuters / Brian Snyder

Коттедждердің бірінде болашақ вице-президент Джей Ди Вэнс те қалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маск Дональд Трамптың жеке резиденциясы орналасқан Мар-а-Лаго аумағындағы коттедждердің бірін жалға алған. Бұл туралы Kazinform жазды. 

The New York Times дерегінше, ол тұрған коттедж Banyan деп аталады, президент үйінен бірнеше жүз фут қашықтықта орналасқан. Сол аумақта тұру Маскқа Трамптың кешкі астарына қатысуға мүмкіндік берді: мәселен, жақын арада ол Amazon негізін қалаушы Джефф Безоспен кешкі асты бірге ішкен. 

Маск — сайланған президенттің Мар-а-Лаго меншігінде тұрып жүрген жақын ортасының жалғыз мүшесі емес. Дереккөздің мәліметінше, коттедждердің бірінде болашақ вице-президент Джей Ди Вэнс те қалған.

Трамп әлемдегі ең бай адам Масктың Мар-а-Лагодағы тұрғын аудандардың бірін «жалдап жатқанын» мақтан етті, деп жазды NYT. 

Газеттің жазуынша, Маск коттеджге қанша төлейтіні белгісіз, оны жалдау әдетте бір түнге кемінде 2000 доллар тұрады. Алайда әдетте қонақтарға төлем шот соңғы күні жіберіледі. Осылайша, Трамп Маскқа шот бермеуі немесе соманы азайтуы әбден мүмкін.

Илон Маск сайлау күнінен бері коттеджде тұрып, нәтижелерді Трамппен бірге бақылап келген. Ол сол аумақтан Рождество мерекесіне жақын күндері кетіп, жақын күндері қайта оралады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды New York Times.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады