Ақтауда Жаңа жылды тойлау кезінде жасанды пальма өртенді (ВИДЕО)
Зардап шеккендер жоқ.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Ақтау қаласында жағалаудың ашық аумағында жасанды пальма өртенді.
"Құтқарушылар оттың таралуына жол бермей, өртті шақыру түскен сәттен бастап 9 минут ішінде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген ресми хабарламада.
Ескерту! Бейнежазбада бейәдеп сөздер кездеседі!
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор