Жаңа жыл қарсаңында жәдел жәрдем 27 мыңға жуық шақырту бойынша қызмет көрсеткен

01.01.2025, 18:24
661
Жаңа жыл қарсаңында жәдел жәрдем 27 мыңға жуық шақырту бойынша қызмет көрсеткен Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Ең көбі Алматы облысында. Өңірде 3073 шақырту тіркелген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жаңа жыл қарсаңында еліміздегі шұғыл медициналық қызметтер тұрғындарға қызмет көрсету ұмысын жалғастарды.

Өткен жылдың желтоқсан айының соңғы тәулігінде еліміз бойынша жедел медициналық жәрдем пультіне тұрғындардан 27 мың шақырту түсті. Оның ішінде 17 мыңнан астам шақырту жеделділіктің 1 - 3-санатына тиесілі, 4-санат бойынша жедел жәрдем бригадалары 10 мыңнан астам рет шақыртуға шықты.

Бұл ретте ең көп шақыртулар Алматы облысында тіркелді – 3073, одан кейін Алматыда – 2800, Түркістанда – 2358 және Астанада жылдың соңғы күнінде жедел жәрдем 1942 шақыртуға шықты.

Биылғы 11 айда Қазақстандағы жедел медициналық жәрдем (ЖМЖ) бригадалары 7, 7 млн-нан астам шақыртуға қызмет көрсетті, оның ішінде 1-3-санат - 4,9 млн. шақыртуға және 4-санаттағы 2,8 млн. шақыртуға емханалардың жанындағы бригадалар қызмет көрсетті.

Өткен жылмен салыстырғанда шақыртулар санының артуына қарамастан, табысты реанимацияның негізгі көрсеткіші 7,1%-ға артып, барлық жағдайлардың 51,7%-на жетті.

Жедел медициналық жәрдем мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің (ТМККК) шеңберінде көрсетіледі, азаматтар үшін әлі де тегін және тәулік бойы, аптасына жеті күн қолжетімді болып қалады.

Қазіргі уақытта ел бойынша жедел медициналық жәрдем қызметін 20 дербес станция, 98 қалалық кіші станция және 232 аудандық бөлімше ұсынады.

- Облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 көшпелі бригада жұмыс істейді, МСАК ұйымдарының (емхана) жанындағы жеделділіктің 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін 446 бригада жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды