Жаңа жыл түнінде 15 атыраулық отбасының шырқы бұзылған

02.01.2025, 13:02
1505
Жаңа жыл түнінде 15 атыраулық отбасының шырқы бұзылған news.vtomske.ru

Жаңа жыл түнінде полицияға 201 хабарлама түскен көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда жаңа жыл түнінде отбасының тыныштығын бұзған 15 адам полицияға жеткізілді. Бұл туралы Kazinform жазды.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін таңға дейін тәртіп сақшыларына 205 шақырту түскен.

– Жаңа жыл түнінде полицияға 201 хабарлама түсті. Көпшілік іс-шара кезінде балалардың ата-аналарынан адасып қалу дерегі тіркелмеді. Көшелерде бұзақылық әрекеті тіркелмеді. Алайда отбасының шырқын бұзған 15 адам анықталып, полиция бөлімдеріне жеткізілді. Жол бойында 25 жол-көлік оқиғасы тіркелді, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, жаңа жыл мерекесіне орай тұрғындардың тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицейлер күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

– Біздің басты мақсатымыз – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өйткені мереке күндері жаяу жүргіншілердің де, көліктің ағыны артады. Осыған байланысты полицияның жеке құрамы қоғамдық тәртіпті сақтау, қала мен ауылдардағы көшелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатындағы тиісті жұмыстарды атқарады. Пиротехника салдарынан болуы мүмкін оқыс оқиғаларды болдырмауды басты назарда ұстайды, -дейді Нұрхат Оразбаев.

 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды