SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда ұшақ апатынан аман қалған Нурулла Сираджов ауруханаға жеткізілген жұбайы Муслюмат Сираджовамен қауышуға барып, көзіне жас алды.
Бұл қуанышты жаңалықты Yeni Klinika медициналық мекемесінің баспасөз хатшысы Нурида Аллахъярова Facebook әлеуметтік желісінде бөлісті.
Н.Сираджов ауруханаға жеткізілген жұбайын көруге барған. Ол палата есігінің алдында тұрып, көзіне жас алған.
Айта кетсек, Сираджовтар отбасы 25 желтоқсанда Бакудан Грозныйға ұшатын рейс кезінде ұшақта болған. Нурулла Сираджов апат кезінде жұбайы Муслюмат қасында отырғанын, бірақ есін жиғанда оны көрмегенін айтқан болатын.
Алғашқыда әйелдің апатта қаза болғаны туралы ақпарат тараған. Бірақ кейін оның аты тірі қалғандар тізімінен табылды. Ол Қазақстанда емделіп, 30 желтоқсанда Yeni Klinika ауруханасына эвакуациялаған.