«Менің отбасым өздерің»: Жақында ұлы қайтыс болған мектеп күзетшісін оқушылар туған күнімен құттықтады (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
03.01.2025, 15:07
1567
«Менің отбасым өздерің»: Жақында ұлы қайтыс болған мектеп күзетшісін оқушылар туған күнімен құттықтады (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Еріксіз көзіне жас алған күзетшінің бейнежазбасы көпшіліктің жүрегін елжіретті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Желіде мектеп оқушыларының күзетшіге әсерлі тосын сый жасағаны түсірілген видео тарады. Құттықтау видеосы көпшіліктің жүрегін елжіретті. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Аталған видео қысқа уақыт ішінде 3 миллионнан астам қаралым мен 700 мыңнан астам лайк жинады. Кадрлардан бір топ мектеп оқушысының тосын сый жасау үшін күзетшіні қоршап алғанын байқауға болады. Балалар мектеп күзетшісіне шырақ жағылған торт, тәттілер және басқа да сыйлықтар әкелген. Ал ер адам балаларға алғысын білдірді.

"Сіздерді жақсы көремін! Менің отбасым өздерің. Рақмет”, – деді күзетші. 

Әлеуметтік желіде тараған әсерлі видео желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. 

"Оның жақсы адам екені көрініп тұр. Әйтпесе оқушылар оны құттықтамас еді", "Ол шынайы қуанып тұр. Қандай да бір сыйлыққа емес, өзіне көрсетілген шынайы көңілге шексіз қуанып тұр. Сондай ақкөңіл, жүрегі ашық адам. Мұндай жандардың әлі де бар екені қуантады”, –деді олар. 

Видео авторларының сөзінше, мктеп күзетшісінің есімі Абдулла екен. Ол білім ордасында үш жылдан бері жұмыс істейді екен. Мектеп оқушыларының айтуынша, күзетші  айналасындағылардың бәріне күн сайын көңілді күй сыйлайды.

"Біздің күзетші өте мейірімді адам. Ол үнемі балалармен және ата-аналармен амандасып, жүзінен күлкі кетпейді. Әр оқушының есімін біледі әрі жақсы таниды. Сондай жақсы адам", – дейді автор.

Оқушылардың айтуынша, құттықтауға дайындық алдын ала басталған. Мектеп оқушылары мессенджерде чат ашып, оған бастапқыда 20 адам қосылған. Уақыт өте келе қатысушылар саны артып, чатта 200-ге жуық адам болған.

"Ақша жинап, оған торт пен сертификат сатып алдық. Оны үзіліс кезінде мектепке шақырып, құттықтаймыз деп шештік. Күннің соңына таяғанда мектептен шыққанда ол кісімен сөйлестім. Ол барлық баланың туған күнімен құттықтағанын, ол жерде бірінші және екінші сынып оқушылары да болғанын жеткізді. Көп адам оған бізден бөлек те сыйлықтар берді. Ол сондай бақытты", – деді оқушылар. 

Оқушылардың айтуынша, жақында күзетшінің ұлы қайтыс болыпты. Ұйымдастырушы оқушылар, ұлын жерлеуге бір күнде 200 мың теңге жинап беріпті. 

Боди-массаж салоны арқылы байыған әйелдің 1,5 млрд теңге мүлкі тәркіленді Астанада LRT өртеніп жатыр (ВИДЕО) Абзал Шынасылдың адвокаты судьяның үстінен шағым түсірді «Жүрегіне шампур тыққан»: Сыныптасының қолынан қаза тапқан Әлібидің өлімінен соң мектеп директоры қызметтен кетті «Путин Трампты ызаландырып отыр»: АҚШ Ресейге қарсы санкциялар тізімін толықтыруы мүмкін Астаналық тұрғын өз көршісінің Iphone-ын ұрлап кеткен Перизат Қайраттың соты келесі айда басталады Мұғалімді «Ш***» деп атаған оқушы туралы Назарбаев мектебі мәлімдеме жасады (ВИДЕО) «Қайтыс болғандар бар»: Қытайдағы химия зауытында жойқын жарылыс болды (ВИДЕО) Енді Қазақстанда жергілікті полиция қызметі болмайды «Бөксесі шаншыла-кесілген»: Нұрқанат Ғайыпбаевтың жарақаттары бойынша сараптама жарияланды Жас қызды Ресейге жыныстық құлдыққа жібермек болған тұрғын ұсталды Шалқарлық келіншек 12-інші перзентін өмірге әкелді Жолаушы жол үстінде ұшақта көз жұмды Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мыңға жуық білім гранттарына ие болды Алматыда самокат мінген қыз 55 жастағы әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады «Ол саған малай емес»: Ерке Есмахан үйін тазалатамын деп басы бәлеге қалды Балаларды қорғау күніне орай «Ордабасы» футбол клубының мүшелері шеберлік сабағын өткізді «Жасым келді ғой»: Нұрлан Еспанов 10 жылдан бері атақ алмай жүргеніне ренжіді