1714

Петропавлдың ішімдікке сылқия тойып алған жастары Абай мен Пушкиннің ескерткішіне мініп алған (ВИДЕО)

Ұлы ақындардың ескерткіші мас жастардың ойыншығына айналған.

Петропавлдың ішімдікке сылқия тойып алған жастары Абай мен Пушкиннің ескерткішіне мініп алған (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Петропавлда ұлы ақындарға арналған ескерткішке мінген мас жастарды полицейлер қолға түсірді. Оларға қатысты қоғамдық орында мас күйде болғандары және ұсақ бұзақылық үшін хаттамалар толтырылған.

Оқиға 1 қаңтар күні кешке Тәуелсіздік стеласының маңындағы мұз қалашығында орын алған. Жас жігіттердің қоғамдық тәртіпті бұзған әрекетін сол маңда серуендеп жүрген қала тұрғындары байқап қалған. Олар ұлы Абай мен Пушкиннің ескерткішіне мініп, суретке түскен.

Жаяу жасақ оларды бейнебақылау инспекторларының көмегімен ұстады.
 
Оларға қатысты қоғамдық орында мас күйде болғандары және ұсақ бұзақылық үшін хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар біраз уақыт бұрын көрші елдердің бірінен Петропавлға келген жастардың үшеуінің де Қазақстан аумағында болу мерзімі аяқталғаны анықталды. Олар бұл бұзушылықтары үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Материал авторы