SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың бөлшектері тасымалданып жатқан видеосы тарады.
Апатқа ұшыраған ұшақтың артқы бөлігі оқиға орнынан Ақтау әуежайындағы ангарға тасымалданып жатыр. Бұған не себеп болғанын Көлік министрлігі мәлімдеме арқылы түсіндірді.
«Комиссия ұшақтың құрамдас бөліктерін ангарға тасымалдап жатыр. Ангар Ақтау әуежайының аумағында орналасқан», – деп хабарлады министрлік.
Ведомствоның мәлімдемесіне сәйкес, тергеу әлі аяқталмағандықтан, бұл туралы министрлік толық түсініктеме бере алмайтынын жеткізді.