1398

«Жарыс өтіп жатқан»: Семейде Ертіс өзеніне машина құлап кетті

Көлікте төрт адам болған.

«Жарыс өтіп жатқан»: Семейде Ертіс өзеніне машина құлап кетті
Polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Семей қаласы полиция департаменті мәлімдеді.

2025 жылғы 5 қаңтарда сағат 06:00–де Абай облысы Семей қаласы Полковничий аралында Бүркіт ұясы маңында жеңіл автокөлік жардан құлап, Ертіс өзеніне түскені туралы хабарлама түсті.

— Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік ішінде төрт адам болған. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салады және барлық азаматтарды мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, — делінген хабарламада.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор