SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әйел 3 қаңтарда шамамен 5:30-да үйден шығып, қайтып оралмаған. Ол ақ тон, қара көйлек, қара етік киген. Әйелді туыстары, еріктілер, жергілікті тұрғындар іздеді. Өкінішке қарай Баян Алтынбекова 4 қаңтарда өлі табылды.
Іздеу аяқталды, Баянның денесі табылды. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, иманды болсын. Жібек жолы кентінің тұрғындарына ерекше алғыс білдіреміз, - деп жазылған еріктілердің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Баян Алтынбекованың неден қайтыс болғанын полиция анықтайтын болады.