Елімізде тамақ жеткізетін курьерлерге талап күшейді

06.01.2025, 10:10
676
Елімізде тамақ жеткізетін курьерлерге талап күшейді Midjourney көрнекі суреті

Стандартқа сәйкес курьерлер медициналық тексеруден өтуі керек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті қоғамдық тамақтану қызметін көрсететін азаматтарға талапты күшейтетін құжатты бекітті.

Комитет мәліметінше, құжат 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген. Стандартты сауда комитетінің бастамасы бойынша Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген.

Осы стандартты қолданудан қоғамдық тамақтандыру өнімдерін жеткізу нарығындағы талаптардың ашықтығы мен бірізділігі қамтамасыз етіледі. Тұтынушылардың көрсетілетін қызметтерге деген сенім деңгейі артады. Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі жүйесінің нығаюына ықпал етеді, - деп атап өтті техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова.

Мысалы, стандартқа сәйкес курьерлерде медициналық тексеруден өткені туралы белгісі бар белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапша болуы тиіс. Олар кәсіби гигиеналық дайындықтан өтуге, сондай-ақ жалпы қабылданған нормалар мен мінез-құлық ережелерін басшылыққа алуға тиіс.

Тамақты тұтынушыларға жеткізу кезінде және тапсырыстарды беру пункттерінде қаптаманың тасымалдау барысында сыртқы зақымды анықтау үшін тапсырыстағы өнімді тексеру мүмкіндігі берілуы керек. Қабылданған стандарт мейрамханалардың, кафелердің, логистикалық компаниялардың және курьерлердің тамақ жеткізу қызметінің сапасын арттыруға арналған.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді