Колледждерде АЭС мамандарын оқытатын мамандықтар ашылады

08.01.2025, 12:21
642
Колледждерде АЭС мамандарын оқытатын мамандықтар ашылады SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Колледждер базасында АЭС-терге персоналды даярлау үшін мамандықтар ашылатын болады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында Қазақстанда жұмысшы мамандықтарының 43 кәсіби стандарты іске қосылғанын айтты. Ол жаңа мамандықтар мен біліктіліктер табылып, сол бойынша салалық кеңестердің жұмысы жанданатынын хабарлаған.

Министр биыл энергетика саласында жаңа мамандықтар бойынша 4 кәсіби стандарт әзірленетінін айтты. Сондай-ақ 29 кәсіби стандарт, оның ішінде атом саласында жаңартылмақ.

Ведомство Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, 61 жоғары оқу орны мен 200-ден астам колледжді қамтитын кадрлар даярлау жұмыстары қолға алынып, онда ОЭК мамандарын даярлау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Энергетика үшін кадр даярлауды 40 жоғары оқу орны мен 215 колледж жүзеге асырады. Мұнда электр энергетикасы, жылу энергетикасы, жаңартылатын энергия саласындағы 7 мамандық бойынша 19 мыңға жуық студент оқитын болады.

Электр генерациясының жаңа нысандарының құрылысын, тұтынудың белсенді өсуін және экономиканың дамуын ескере отырып, 2030 жылға дейін сұранысқа ие мамандықтардың тек энергетикаға деген қажеттілігі 20 мыңнан асады деп болжам жасалып отыр.

АЭС құрылысын қолдау мақсатында отандық колледждер базасында білікті мамандар даярлау үшін салалық мамандықтар ашылатын болады.

«Министрліктің ведомстволық бағынышты ұйымдары – Ұлттық ядролық орталық мен Ядролық физика институты бірігіп, электротехника колледждерімен тығыз байланысты жүзеге асырмақ. Олар колледж студенттерінің ядролық мамандықтар бойынша өндірістік тәжірибе өткізу базасы болады», — деп нақтылады Алмасадам Сәтқалиев.

«Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті