Елімізде мешіттер саны 3 мыңға жеткен
Қазақстанда 2275 ауылдық мешіт бар көрінеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2024 жылы елімізде 82 жаңа мешіт халық игілігіне пайдалануға берілді. Бұл туралы ҚМДБ мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаев мәлімдеді.
Аллаға шүкір, қазір еліміз бойынша мешіттер саны 2888-ге жетті. Оның ішінде 1 республикалық, 3 мегаполистік, 17 облыстық, 434 қалалық, 162 аудандық және 2275 ауылдық мешіт бар.
Бүгінгі таңда 257 мешіттің құрылысы қарқынды жүруде. Ал 2024 жылы 82 жаңа мешіт есігін жамағатқа айқара ашты, - деді Марат Абдуллаұлы.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші