Тикток желісінде «неотәңіршілдікті» насихаттаған шымкенттік сотталды

08.01.2025, 17:17
1011
Тикток желісінде «неотәңіршілдікті» насихаттаған шымкенттік сотталды canva.com

Ол стримге кіріп, ислам дінін ұстанушыларға қарсы діни алауыздықты қоздырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте «неотәңіршілдікті» насихаттаған тұрғын жазаланды. Бұл туралы Шымкент соттарының Telegram-дағы арнасы жазды. 

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында К.-ға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Ол Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі (діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттерді жасау) бойынша айыпталған. 

Тұрғын 2023 жылдың тамыз айы мен 2024 жылдың қыркүйек айы аралығында TikTok әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында «неотәңіршілдік» дініне қатысты «стрим» тікелей хабарларын өткізіп, әлеуметтік желісін қолданушылар арасында ислам дінін ұстанушыларға қарсы діни алауыздықты қоздыруды негіздейтін ойларын жария жасаған. 

Сотталушының кінәсі іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығы арқылы толық дәлелденеді. Прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал тұрғын кінәсін мойындамай, өзін ақтауды өтінді. 

«Сот К.-ға жаза тағайындауда қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықтамағанын, сонымен қатар, сотталушының жасаған іс-әрекеттеріне өкініш білдірмегенін ескерді. Сот К-ны Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, түпкілікті 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады», - делінген хабарламада. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды