«Бұлай болмауы керек!»: Оқу-ағарту министрлігі 9 жасар қыздың «жынын» шығарған емшіге қатысты

10.01.2025, 12:59
1127
«Бұлай болмауы керек!»: Оқу-ағарту министрлігі 9 жасар қыздың «жынын» шығарған емшіге қатысты бейнежазбадан алынған кадр

Өзін емші деп атайтын атыраулық ер адамның тоғыз жасар қыздан шайтанды қуып жатқан бейнеролигі тараған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, видеоға қатысты оқу-ағарту министрлігіне қарасты балалардың құқығын қорғау комитеті мәлімдеме жасады.

"Атырау облысындағы оқиғаға қатысты. Бұлай болмауы қажет. Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитеті жағдайды бақылауға алды", – делінген хабарламада.

Министрлік қазір балаға қажет барлық көмек, оның ішінде кәсіби психологиялық қолдау көрсетіліп жатқанын хабарлады. Оқиға орнында облыстық балалар құқығы жөніндегі уәкіл жұмыс істеп жатыр.

"Баланың денсаулығы қауіп төндіретін кез келген мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін атап өткен жөн. Министрлік Қазақстанда балалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ететін заңдар мен ережелерді сақтау қажет екенін еске салады", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде атыраулық емшінің кәмелет жасқа толмаған балаға “жын шығару” рәсімін өткізіп жатқаны түсірілген видео тараған еді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды