Жапония Украинадағы соғысқа байланысты Қазақстанға қарсы санкция енгізді

10.01.2025, 14:07
3360
Жапония Украинадағы соғысқа байланысты Қазақстанға қарсы санкция енгізді SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Қазақстандық компания санкцияға ілікті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жапония Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізді. Бұл шектеулер бір қазақстандық ұйымға да әсер етті. Бұл туралы Жапония министрлер кабинетінің отырысында белгілі болды.

Экспортқа тыйым салынған тауарлар тізіміне 335 позиция қосылды. Оның ішінде кран қозғалтқыштары мен басқа да арнайы жабдықтар, сондай-ақ шағын мотоциклдер бар. Бұл Ресейдің өнеркәсіптік әлеуетіне әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ, химиялық қаруды жасау үшін қолдануға болатын капсаицин сияқты химиялық заттарға да тыйым салынды.

Бұл тауарларды экспорттауға тыйым салу 23 қаңтарда күшіне енеді. 

Үкіметтік шешімде Ресейге санкция салынса да солар арқылы экспорт баруы мүмкін алты елдің 31 ұйымына да тыйым салу қарастырылған. Бұл топқа Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Қытай, Қырғызстан, Таиланд пен Түркияда кіреді.

Сонымен қатар, санкция салынған активтер тізіміне Ресейден 11 жеке тұлға, 29 ұйым және 3 банк қосылды. Сондай-ақ, активтерге шектеу ресейлік емес жеке тұлға мен тағы бір банкке әсер етеді.

Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Йошимаса Хаяши баспасөз мәслихатында Жапония халықаралық қоғамдастықпен, соның ішінде жеті ірі экономика тобының (G7) елдерімен ынтымақтасатынын жеткізді. Айтуынша, Украинаның айналасындағы жағдайды шешуге бағытталған халықаралық күш-жігерге үлес қосуды жалғастырады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды