1125

«Аллаға сансыз шүкірлер мен мадақтар»: актер Жанболат Найзабековтың бесінші перзенті дүниеге келді (видео)

"Өнер қырандары" театрының актері Жанболат Найзабековтың отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесінің бесінші перзенті дүниеге келді.

«Аллаға сансыз шүкірлер мен мадақтар»: актер Жанболат Найзабековтың бесінші перзенті дүниеге келді (видео)
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сүйінші хабарды жұлдызды әкенің өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті. Әзілкеш оқырмандары үшін видео жариялап, қуанышын бөліскен.

2025 жыл актердің отбасы үшін қуанышты жаңалықтан басталған. Жұлдызды жанұя ұл баламен толыққан. 

«2025 жылдың ең күшті жаңалығын айтайын ба? Менің бесінші перзентім дүниеге келді. Сүйінші! Аллаға сансыз шүкірлер мен мадақтар. Аллаға шүкір. Достар, ұлды болдым. Құттықтап қойсаңыздар болады», - деді Найзабеков. 

Айта кетейік, өнер иесінің дүние есігін енді ашқан сібиден бөлек тағы үш қызы мен бір ұлы бар.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор