Баскетболшы сүйіктісін қонақүйге чемоданға тығып алып кірген

Аиса Махамбет Редактор
11.01.2025, 16:42
891
Баскетболшы сүйіктісін қонақүйге чемоданға тығып алып кірген әлеуметтік желіден

Студент қыз чемоданның ішінде отырған суретін жариялады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Гуанчжоу Лонг-Лайонс» командасының қорғаушысы Чжан Синлян студент қызды қонақүйге чемоданның ішінде жасырып алып кіргені үшін жазаланды. Бұл туралы 1Bol.kz жазды.

Чжан Қытай чемпионатының «Циндаоға» қарсы ойынының алдында қонақүйге қызды алып кірген. Қытай клубының жарғысына сәйкес, ойыншыларға матч алдында қонақүйге достары мен құрбыларын ертіп келуге тыйым салынады. Алайда 20 жастағы Чжан мен оның сүйіктісі бұл ережені бұзып, үлкен чемоданды пайдаланған.

Оқиға қыздың қытайлық Weibo әлеуметтік желісіне жазған жазбасынан кейін белгілі болды. Студент қыз чемоданның ішінде отырған суретін жариялап, Чжанның өзін ойын алдында қонақүйге алып кіргенін және түні бойы ұйықтамай, сабақтарына көмектескенін жазған.

Чжанның сүйіктісі өнер факультетінде оқиды және оның бірнеше емтиханнан өте алмай, университетте қиындықтарға тап болғаны белілі болды.

Чжан «Лонг-Лайонс» сапында екінші маусымын өткізіп жатыр. Ол 26 матчта орташа есеппен 6,4 ұпай, 1,8 рет доп қағып алу, 2,1 нәтижелі пас және 0,8 рет допты тартып алу көрсеткішіне ие. «Циндаоға» қарсы ойында жас баскетболшы 25 минут ойнап, 5 ұпай мен 2 рет доп қағып алу көрсеткішін тіркеді.

АҚШ Венесуэла мұнайын тасымалдаған алтыншы танкерді ұстады Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы дүниеден өтті Dala.Camp форумында мал шаруашылығы саласындағы жобалардың питчингі өтеді Петропавлда зейнеткер әйел үсіп қайтыс болды Түркістан облысында жұмыс берушінің қателігі ана мен баланы жәрдемақысыз қалдырды «Басы жарылып, құлағы естімейді»: Қазақ модель қыз Бали аралында қамауға алынды (ВИДЕО) Автобуспен Мәскеуден Ташкентке бет алған шетелдіктер жолда үсіп қалды Венесуэла оппозиционері Нобель сыйлығын Трампқа берді Боран, көктайғақ және қатты аяз: 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы Ақтауда сержант қызметтік КамАЗ астында қаза тапты Туыстары байланған жарамен тапқан: Талғар маңында әйел адамды пышақтап өлтірді Астанада 7 жасар шөбересін туған күнде зорлаған қария сотталды Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірген күдікті қамауға алынды Жұмбақ жағдайда қайтыс болған балалардың аналарын полиция ұстап әкетті (ФОТО) Air Astana қызметкерлері сотқа тартылды Актриса Альмира Тұрсын өзін балағаттағандарға қатаң ескерту жасады Куликов дауы: Қазақ және қырғыз халқы кондитерлік желіге жаппай бойкот жариялады (ВИДЕО) 600 мың теңгенің торт дауына сот нүкте қойды Шымкент базарында үнді студентіне тиіскендерге сот шешім шығарды (ВИДЕО) «Қазақ халқынан кешірім сұраймын»: Әкесін азаптаған ер адам сотта көз жасына ерік берді