Шикі газды көп жаққан компания 3,5 млрд теңге залал өндіретін болды

Аиса Махамбет Редактор
12.01.2025, 19:02
2463
Шикі газды көп жаққан компания 3,5 млрд теңге залал өндіретін болды ncoc.kz

Экономикалық сот 3,5 млрд теңге залал өндіру туралы үкім шығарды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Каспий теңізіндегі «Қашаған» кен орнын игеріп жатқан NCOC компаниясының филиалынан 3,5 млрд теңге залал өндіріледі. Бұған кен орнында шикі газ нормадан тыс жағылғаны себеп болған. Бұл туралы Kazinform жазды.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы Батыс өңіраралық басқармасының «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» филиалына мемлекетке келтірілген зиянды өндіру туралы талабы қаралды.

Сот талқылауында Энергетика министрлігі жауапкердің мұнай-газ кешеніндегі қызметіне кешенді тексеру жүргізгені анықталған. Тексеру қорытындысына сәйкес «Қашаған» кен орнында көмірсутектер мен көмірсутекті емес газдардың көпкомпонентті қоспасы шектен тыс рұқсатсыз жағылған. Осыған байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған

– «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» филиалы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 356-бабының 3, 5-бөлігінде (Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын бұзу) көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 28 мамырдағы қаулысымен филиалдың шағымы қанағаттандырусыз, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы өзгеріссіз қалдырылды. Осылайша, «Қашаған» кен орнында шикі газды шектен тыс жағу фактісі анықталды, -деп хабарлады елордалық соттан.

Елімізде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу нәтижесінде келтірілген залалдың мөлшері мемлекетке келтірілген залалдың әділ өтелуін қамтамасыз етуге бағытталған ережелер бар. Ал көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу нәтижесінде келтірілген залалдың мөлшері қағидалармен айқындалған.

– Заңда жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың талаптарын бұзу немесе жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығы салдарынан келтірілген зиянды өтеу міндеті көзделген. Сот осыны ескеріп, уәкілетті мемлекеттік органның талап қоюын қанағаттандырды, -деп мәлім етті соттан.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Танымал блогердің қыздарға жазған хаты әшкере болды (ФОТО) «Фонограммамен бір-екі ән айтып, кетіп қалды»: Төреғали Төреәлі мерейтойға ішіп келіп, сынға қалды (ФОТО) Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды 132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар? +1 уәде: Трамп Израиль мен Иранды татуластыруға уәде берді Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Енді қырғызстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды Тегеран: «Бізге соққы жасалып жатқанда, бітім туралы әңгіме болмайды» Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ Reuters: Израиль Хаменейді өлтірмек болды, ал Трамп қастандыққа рұқсат бермеді Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды «Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген