1294

Бүркіт пен Аиша тағы да балалы болатынын айтты (ВИДЕО)

Аяғы ауыр әйелінің дегенін жасап жүргенін айтты әнші.

Бүркіт пен Аиша тағы да балалы болатынын айтты (ВИДЕО)
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі Бүркіт пен Аиша жақында тағы да балалы болатынын хабарлады. Ерлі-зайыпты желідегілердің болжамын растап, төртінші сәбиін күтіп жүргендерін айтты. Бұл қуанышты жаңалығын әнші Instagram-дағы парақшасы арқылы жеткізді. 

Жұлдызды әке отбасымен Балидегі демалыстан видео жариялап, оның астына ерекше жазба қалдырды. 

"Әйеліңнің аяғы ауыр кезде бар қалауын орындайсың", - деп жазды Бүркіт.

Желі қолданушылары ерлі-зайыпты үшін қуанып, оларға жылы лебізін жарыса білдірді.

Айта кетейік, Бүркіт пен Аиша бүгінде үш баланы тәрбиелеп отыр. Кенже қызы Сафия 6 жаста. Әншілердің Омар және Зейн есімді ұлдары бар. Өнер иелерінің отау құрғанына 15 жыл болды.

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор