Димаш Құдайберген туралы Мексика радиосында арнайы бағдарлама шықты
1 наурызда «Алғыс айту» күні мерекесіне орай Мексиканың «Andromeda radio» радиостанциясында жерлесіміз, әйгілі әнші Димаш Құдайбергенге арналған бағдарлама эфирге шықты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Dimashnews.com ресурсына сілтеме жасап.
Димаштың әндері Мексика радиосында алғаш рет 7 ақпанда айтылды. Бұл әртістің «Mafia Dear» халықаралық фан-клубының арқасында мүмкін болды.
Эфир тыңдаушылардың қызығушылығын танытып, осыдан кейін «Andromeda Radio» жүргізушілері қазақстандық орындаушыға арналған жаңа бағдарлама шығару туралы шешім қабылдады. Көп ұзамай бағдарлама «Universo Dimash» («Димаш әлемі») атауын алды.
Жаңа музыкалық бағдарлама Димаштың шығармашылығына ғана емес, Қазақстанның мәдениетіне де арналған. «Andromeda Radio» өзінің 14 жылға жуық тарихында алғаш рет бір ғана әртіске бағдарлама арнап отыр.