«Төрт бала әкесіз қалды»: Алматыда көз жұмған полицей мейрамханада әйелге араша түскен

14.01.2025, 13:31
1102
«Төрт бала әкесіз қалды»: Алматыда көз жұмған полицей мейрамханада әйелге араша түскен бейнежазбадан алынған кадр

Балама көп арқа сүйейтін едім дейді марқұмның анасы…

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы мейрамханада әйелге араша түсемін деп полицей қаза тапты. Ер адамның артында төрт баласы қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қанды қылмыс қаладағы танымал мейрамханалардың бірінде түнгі уақытта болған. Бақылау камерасына Нұрсұлтан Несіпбаевтың бейтаныс әйелді қалай қорғауға тырысқаны жазылған. Аяусыз соққылап жатқан ер адамға ескерту жасап, сыртқа шығып кетеді. Сөйтіп араларында жанжал туындап, арты полицейдің өлімімен аяқталды.

Марқұмның мәйіті туған жері Байқоңырға жеткізілген. Марқұм Нұрсұлтан Несіпбаевқа үш рет пышақ сұққан күдікті бірден қамауға алынды. Ол өзге ел азаматы боп шықты.

“Қазақтың қызын қорғаймын деп, өмірі қыршыннан қиылды. Жолдасыммен көретін жақсылығымыз әлі алда еді ғой, алға қойған мақсаттарымыз болды. Мына бала-шағаны өсіреміз деген мақсатымыз бар еді. Жақсылыққа ұмтылдық. Енді өкінішті, жастайынан өмірі қиылды”, – деді марқұмның әйелі Бақыт Жетіген.

31 жастағы полицей мейрамханада жұмыстан тыс уақытта жүріпті. Іш құрылысы мен жүрек тұсынан пышақ жарақатын алған азамат ауруханаға жеткізіле салысымен көз жұмған. 

“Жолдастарының алдында абыройлы, бауырмал, ағайынның ортасында қамқоршымыз еді, балам. Балама көп арқа сүйейтін едім. Өзіміздің қазақтың қызын қорғаймын деп, өзінің өмірін қиып, артта аңыратып мені қалдырды. Төрт баласы, келіншегі қалды. Мен баламды мақтан тұтамын”, – деді марқұмның анасы Рая Жақанова.

Нұрсұлтан Несіпбаев он жылдан бері ішкі істер саласында қызмет атқарған. Әріптестері ер адамның жұмысқа адал, жанашыр азамат болғанын айтып отыр.

“Мен Нұрсұлтанды 2017 жылдан бастап танимын. Екеуіміз жұмысты бірге бастағанбыз. Нағыз жедел уәкіл деп айтуға болады. Жұмысына адал, берік болатын. Әрдайым адамдарға көмектесіп жүретін және де өте ашық жігіт болатын. Қанды қылмыс жасады деген күдікті қолға түсіп, қамауға алынды”, – деді Медеу ауданы ПБ аға жедел уәкілі Бағдат Құрамысов.

Полицияның айтуынша, ол Өзбекстан азаматы екен.

“Қатарлас қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкері жұмыста емес еді. Қылмыстық істің басқа да мән-жайы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сай жария етілмейді”, – деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол