1729

Қайрат Нұртас пен Тұрсынбек Қабатовтың қыздарының биі желіде тарады (ВИДЕО)

Алау Нұртас пен Алуа Тұрсынбекқызы көптің оң пікіріне ие болды.

Қайрат Нұртас пен Тұрсынбек Қабатовтың қыздарының биі желіде тарады (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас пен әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қыздары биімен елді тамсандырды. Алау Нұртас пен Айым Тұрсынбекқызы видеоны Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған. 

Алау Нұртас пен Алуа Тұрсынбекқызы әлеуметтік желіні белсенді жүргізеді. Қайрат Нұртас пен Тұрсынбек Қабатовтың қыздары осыған дейін де оқырманның ықыласына бөленіп жүрген. Бұл жолы қос әртістің қыздары биімен көпшілікті тәнті етті.

Желі оқырмандары екі арудың өнеріне оң баға беріп, түрлі пікір жазып қалдырды. 

"Екеуі де керемет", "Қыздар, тоқтамаңдар", "Өздеріне жарасып тұр", "Би де өнер", "Әдемі билеп жатыр", "Жастық шақта билеп қалғанға не жетсін?", "Жарайсыңдар", - деп жазды жұрт.

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор