25966

Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматы көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апатынан Тәжікстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты polisia.kz cілтеме жасап.

Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматы көз жұмды

Жол-көлік оқиғасы 3 наурызында Ырғыз ауданының Қалыбай ауылының маңында Самара-Шымкент автожолында болған.

Жолда Volvo маркалы автокөлік пен DAF жүк көлігі соқтығысқан. DAF автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы, оқиға орнында көз жұмды.

Сотқа дейінгі тергеу басталды және жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.