Депутат Абзал Құспан Шерзаттың ісі алдағы екі аптада сотқа жіберілетінін айтты

15.01.2025, 15:13
517
Депутат Абзал Құспан Шерзаттың ісі алдағы екі аптада сотқа жіберілетінін айтты parlam.kz

Тергеу барысында қиындықтар болды дейді заңгер әрі депутат Абзал Құспан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс отырысында депутат, заңгер Абзал Құспан Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық істің қашан сотқа жіберілетіні туралы айтты.

Бұған дейін Абзал Құспан арнайы Талғарға барып, бұл іс бойынша полиция және прокуратура өкілдерімен әңгімелескен.

"Өткен жылдың желтоқсанында бізге "Қаңтар айының соңына дейін қылмыстық істі аяқтап, сотқа жібереміз" деп айтылды. Іс бойынша күдіктілердің бәрі қамауда, олардың әрқайсысына қатысты құқықтық баға берілген. Әзірге ақпарат осы. Менің ойымша, келесі аптада болмаса, одан кейінгі аптада іс сотқа жолдануға тиіс. Прокуратура органдары сот алдында осы іске қатысты брифинг өткізеді. Бұл маған жеткізілген ақпарат", – деді Абзал Құспан.

Ішкі істер министрлігінің өкілдері қылмыстық іс 2024 жылдың соңына дейін сотқа жіберілуі мүмкін екенін мәлімдеген еді. Журналистер Абзал Құспаннан мұның неге жүзеге аспағанын сұрады.

"Тергеу барысында қиындықтар болады. Мен де прокуратура органдарында қызмет атқардым, адвокат болдым. Кейбір жоспарлар орындалмай жатады. Себебі, мысалы, тергелуі тиіс куәгер келмей қалады. Сарапшылар маңызды сараптаманы уақытында аяқтап үлгермейді. Ал ол куәгер болмаса немесе сараптама нәтижесі шықпаса, іс сотқа жіберіле алмайды", – деп түсіндірді Абзал Құспан.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді