«Квадробер болу күнә»: ҚМДБ шариғат бойынша квадробер болуға қатаң тыйым салынғанын айтты

16.01.2025, 13:33
689
«Квадробер болу күнә»: ҚМДБ шариғат бойынша квадробер болуға қатаң тыйым салынғанын айтты әлеуметтік желіден

Өзін «хайуан» санайтын квадроберлер күнәһар ма? Мүфтият жауап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, квадробинг субмәдениетіне еліктейтін жастар көбейді. Өзін «хайуан» санайтын жастардың бұл қылығы туралы дін өкілдері не дейді? Мұндай жаңа ағымды мүфтият күнә деп санайтынын жеткізді.

“Адам баласының жануарға еліктеп, сол дәрежеге түсуі, төрт аяқтап жүруі, өзін ардақтау емес, қорлау болып саналады. Тіпті адам баласының жануарға еліктеуі түгілі әйел кісінің ер адамға, ер кісінің әйелге еліктеуінің өзі шариғатымызда тыйым салынған. Сондықтан жануарларға тән сипаттарға (ит сияқты үру, есек сияқты ақыру т.с.с.) әдейі еліктеу, төрт аяқтап жүріп, олардың тамағын жеу, іс-қимылдарын істеу Алла Тағаланың жаратқан жаратылысын өзгерту болып табылады. Квадроберге, яғни жануарлардың деңгейіне түсіп, оларға еліктеп дауыс шығаруға, іс-қимылдарын жасауға шариғат бойынша қатаң тыйым салынады”, – делінген ҚМДБ хабарламасында.

Муфтият кейбір теңеулердің немесе балаларға арналған ойындар мен театрлық қойылымдардың квадробер құбылысына жатпайтынын атап өтті.

"Ал батырды арыстанға, айлакерді түлкіге, сабырлыны түйеге теңеу, сол секілді театрлық қойылымдар, балаларға арналған ойындар т.б "квадробердің", яғни адамның жануарға еліктеуіне жатпайды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, жануарға еліктеп, соның іс-қимылын қайталап, дауысын салып, олардың азығын жейтіндер - «квадроберлер» деп аталады. Олар бетперде мен құйрық тағып, ит-мысықтың жасағанын қайталайды. Қазір итке еліктеп, басқаларды қауып алуға дайын субмәдениетшіл квадробер жастар көбейген.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды