Маңғыстаудағы 19 жастағы сарбаздың өлімі: Сотта куәгер оқиғаның қалай болғанын айтып берді

16.01.2025, 15:55
1941
Маңғыстаудағы 19 жастағы сарбаздың өлімі: Сотта куәгер оқиғаның қалай болғанын айтып берді бейнежазбадан алынған кадр

Күдікті бетіме күле қарап тапаншаны басыма кезеді дейді куәгер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы қылмыстық істер бойынша ауданаралық әскери сотында 19 жастағы сарбаз Марат Барқұловтың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта куәгерлер оқиғаның қалай болғанын баяндап берді. 

Аталған іс бойынша "Батыс" аймақтық қолбасшылығы, 25744 әскери бөлімінің бұрынғы взвод командирі, лейтенант Дамир Досов күдікті деп танылған. Сот отырысында оқиға болған "Оймаша" полигонындағы сарбаздар мен әскерилер істің мән-жайын айтып берді. 

Сарбаз Махсым Дангаров сот отырысында оқ атылған сәт жайлы баяндады. Сөзінше, күдікті деп танылған Досов шатырға кіріп, іште болған сарбаздарға тапанша кезеген. 

"Мен лейтенант Досовтан қарындасыма қоңырау шалу үшін телефон сұрадым. Сосын Барқұлов та 10-15 минуттан кейін қоңырау шалып алу үшін телефон сұрады. Марат бала күнгі досы Данилге бейнеқоңырау арқылы хабарласқан. Шамамен 5 минуттай сөйлесті. Сол сәтте Досов шатырға кіріп келді де, бізді балағаттап, бәрімізге тапанша кезеді. Кейін тапаншаны төмен түсіріп, оқтап, атып жібергенде Барқұлов құлап түсті. Мен есеңгіреп қалдым, алғашқы көмек көрсетуге шамам болмады. Жедел жәрдем келген соң тамыр соғысы жоқ екенін айтты", – деді Дангаров.

Сотта жауап берген өзге куәгерлер де оқиға болғанға дейін күдікті Досовтың өзгелерге тапанша кезегенін жеткізді. 

"Мен сол күні кезекшіліктен шыққанмын. Кезекшілердің шатырында жатқан кезде Досов маған келіп, бетіме күле қарап тапаншаны басыма кезеді. Бұған дейін нұсқаулық кезінде тапаншаға оқ салынғанын көргенмін. Сондықтан абайсызда атылып кете ме деп қорқып, шатырдан жүгіріп шығып кеттім. 10-15 минуттан кейін оқ атылғанын естідім. Оқиға болған шатырға келгенімде жерде сарбаздың жатқанын, ал жанында Досовтың отырғанын көрдім", – деді Ержан Балтабаев.

Ал келесі куәгер Бекзат Жакен де нұсқаулық аяқталған соң 7 қыркүйек күні Досовтың тапанша кезегінен мәлімдеді. 

"Сағат 16:00 шамасында нұсқаулық болды. Майор Майлиев нұсқаулық жүргізді, ол жерде Дамир Досов, мен, соңғы кезекшілер болды. Досовқа тапаншамен кезекшілікке түсетінін, ойнауға болмайтынын айтты. Бұдан кейін біз шығып кеткенбіз. Шатырда болғанда Досов менің бетіме тапаншаны қаратты, "Мен не істеп жатырсың?" деп, үстелге қарай шегіндім. Досов шатырдан шығып кеткеннен кейін мен де сыртқа шықтым. Аз уақыт өткен соң оқ атылған даусын естідім. Ішке кіргенімде Барқұловтың жерде жатқанын көрдім, Досов оята алмай отырды. Беті қан. "Тірі ме?" деп сұрағанда "Тірі" деп айтты", – деді куәгер.

Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзуды тоқтатуды талап етті Алматыда ерлі-зайыптыны бірнеше жерінен атып өлтірген қаскөй сотталып кетті Қаржаубай Нұрымов сотталушылар беретін ақшаны балалар үйіне аударатынын айтты Зағип енесінің атына несие рәсімдеген келін төркініне қашып кеткен Енді астаналық студенттерге оқу ақысын өтеуге көмек беріледі Алматыда дүкенге шыққан 89 жастағы әже үйіне жете алмай қайтыс болды Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды Шымкентте 13 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталып кетті АҚШ дегенінен қайтты: Трамп Қытаймен сауда келісімін жариялады Ерке Есмахан мен Raim тағы да ата-ана атанды Тоқаев Путинді Ресей күні мерекесімен құттықтады