1190

35 жастағы ер адам 9 жасар қызға үйленді

Иракта 9 жасар қыз 35 жастағы ер адамға тұрмысқа шықты.

35 жастағы ер адам 9 жасар қызға үйленді
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иракта 9 жасар қыз тұрмысқа шықты.

StarHit мәліметінше, бұл елде келісіммен тұрмысқа шығу жасын 18-ден 9-ға дейін түсіру туралы шешімнен соң болған алғашқы жағдай.

Басылым қызға 35 жастағы ер адам үйленгенін алға тартқан. Видеодан қалыңдық пен күйеу жігіт мерекелік киімдер киіп, ал қыздың көзінде аздап қорқыныш барын байқауға болады.

Елде 9 жасар қыздарға тұрмысқа шығуды рұқсат ететін жаңа заң 2024 жылғы күзде қабылданған. Ирак билігі осы арқылы жастарды бейәдеп әрекеттер жасаудан сақтаймыз деген үмітте.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор