«Өтемақыны ұрлады»: ұшақ апатында мерт болған бортсеріктің ата-анасын алаяқтар алдап кеткен

19.01.2025, 15:37
669
«Өтемақыны ұрлады»: ұшақ апатында мерт болған бортсеріктің ата-анасын алаяқтар алдап кеткен SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL ұшағында қаза тапқан экипаж мүшесі Хокума Алиеваның отбасы алаяқтарға алданды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, полиция Хокуманың әкесі Жалил Әлиевтің өтініші негізінде киберқылмыспен күрес бас басқармасында қылмыстық іс қозғады.

«Қазір тергеу жүріп жатыр. Нәтижелері туралы қосымша ақпарат берілетін болады», - деп хабарлады ведомстводан.

Марқұмның әкесі ақшаны ұрлаған жігіт өзін жергілікті банк қызметкерімін деп таныстырғанын айтты. Кибералаяқтар код жіберіп, картадан 80 мың манаттан астам (25 миллион теңгеден астам) ақшаны аударып алған.

Дереккөз: 1news.az

Жалил Әлиев картадан ұрланған қаражат сақтандыру төлемінен және Хокума Алиеваның мерт болуына байланысты берілген өтемақы қаржысы екенін айтты.

Әзірбайжан полициясы қылмысқа күдікті жігітті ұстады. Бұл 29 жастағы Аяз Ескендіров екен. Ұрланған ақша марқұмның әкесіне толық қайтарылды.

Сонымен қатар тергеу күдікті мен іздеуде жүрген шетелдік азаматтардың арасында байланыс барын анықтап, оларға іздеу жариялады. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды