736

Қажылыққа баратындар вакцина алуға міндеттелді

Вакцинация кем дегенде 10 күн бұрын жасалуы керек деген ереже шықты.

Қажылыққа баратындар вакцина алуға міндеттелді
көрнекі фотосурет / Stock Photo

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қажылыққа баруды жоспарлап жүргендер бұдан былай вакцинация алуға міндетті.

Сауд Арабиясында жаңа шарт 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап жүзеге асады. Енді қажылыққа барушылар менингококкты менингитке қарсы вакцинация алуы керек. 

Вакцинация кем дегенде 10 күн бұрын жасалуы керек. Полисахаридті вакцина 3 жыл, конъюгацияланған вакцина 5 жыл жарамды. 

Ал 1 жасқа дейінгі балалардан вакцина талап етілмейді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор