«Адам өлтіру бабын алып тастаған»: марқұм 14 жастағы баланың жақындары ісі әділетсіз өтіп жатқанын жеткізді

Аиса Махамбет Редактор
20.01.2025, 12:48
788
«Адам өлтіру бабын алып тастаған»: марқұм 14 жастағы баланың жақындары ісі әділетсіз өтіп жатқанын жеткізді бейнежазбадан алынған кадр

Нұржанды жоғары сынып оқушылары ұрып-соғып, моншаның артына тастап кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде Қопа ауылында жасөспірімдердің соққысынан мерт болған оқушының туыстары тергеу барысына наразы. Сөздерінше, 14 жастағы Нұржан Сыдықтың өліміне күдіктілердің үстінен “Адам өлтіру” емес, "Адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бойынша іс қозғалып жатыр. Бұл туралы КТК арнасының жаңалықтар қызметі жеткізді.

Қопалық оқушы Нұржан Сыдық 2 қыркүйекте мерт болды. Сөздерінше, оны жоғары сынып оқушылары ұрып-соғып, моншаның артына тастап кеткен. Барлық материал жинақталды, жақын арада сот процесі басталады деседі. Алайда баланың отбасы күдіктілерге тағылған айыппен келіспейді.

“Істі 106-бабының 3-бөліміне “Адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру” деп қайта өзгертілгенін күні кеше білдік. Ақтөбе прокуроры соңғы жұмыс күні, яғни 9 қаңтарда бапты қайта саралауды жою туралы ұйғарымға қол қойған. Бұл істен "Адам өлтіру" бабы алып тасталды. Біз мұнымен келіспейміз. Енді бапты өзгертпей тұрып, сотқа кетіп қала ма деп алаңдаймыз”, – деді марқұм баланың әпкесі Айжан Сыдықова.

Осы іске қатысты алты адам қамауға алынды. Алайда, марқұмның туыстарының айтуынша, сол түні 18 жоғары сынып оқушысы болған. Зардап шеккендер кінәлілер лайықты жазаланбай ма деп қорқады. Тергеуші мектеп оқушысы абайсыздықтан өлтірілді деп есептеген. Полиция қырғынның себебін әлі жариялаған жоқ.

“Қылмыстық істі 99-баптың 2-бөлігі "Кісі өлтіруден" 106-бабының 3-бөлігі "Адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру" деген санатқа өзгерту туралы процессуалдық шешім қабылданды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аяқталып, тексеріліп жатыр. Қаралған соң қылмыстық іс сотқа жолданады”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы ДП баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды