Студент пен магистранттарға тағайындалатын Президент стипендиясының көлемі қанша

04.03.2023, 13:49
9039
Студент пен магистранттарға тағайындалатын Президент стипендиясының көлемі қанша

Ашық НҚА порталында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылға арналған Президент стипендиясын беру жөнінде екі бұйрығының  жобасы талқыға салынды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ондағы мәліметке сәйкес, биыл Президент стипендиясы 1080 бакалавр студенті мен 8 магистрантқа тағайындалады.

Сондай-ақ Президент стипендиясы төрт министрлік арасында бөлінеді.

Ғылым және жоғары білім министрлігі - 1005 бакалавр студентіне және 7 магистрантқа;

Мәдениет және спорт министрлігі - 24 бакалавр және 1 магистратура студентіне;

Денсаулық сақтау министрлігі - 6 студентке;

Ауыл шаруашылығы министрлігі - 45 студентке тағайындайды.

Президенттік стипендия алған студенттері бар жоғары оқу орындары арасында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті(102), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (96), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (94), М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті(60), А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті (55), Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (47) көш басында тұр.

Еске сала кетсек, Стипендия ЖОО ректорының бұйрығымен тағайындалады және бір оқу жылының бір семестрі бойы төленеді. Стипендияға ие болу үшін грантпен оқу міндетті емес, оны ақылы бөлім студенттері мен магистранттары да иелене алады.

2023 жылы бакалавр студентіне тағайындалған Президент стипендия мөлшері – 73 320 теңге, магистранттарға – 173 974 теңге.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген