«8 жыл бала тұрмады»: Қарақат Әбілдина жеке басындағы ешкімге айтпаған сырды ақтарды

Аиса Махамбет Редактор
20.01.2025, 14:14
1324
«8 жыл бала тұрмады»: Қарақат Әбілдина жеке басындағы ешкімге айтпаған сырды ақтарды жеке мұрағатынан

Сол жылы Бекболатымыз бір қауіптен аман қалып, әкемнен айырылдым дейді өнер иесі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Қарақат Әбілдина жаңа жылдан кейін Мекке қаласына аттанып, қажылығын өтеп келді. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Өнер иесі екінші ұлына жүкті кезінде барып, содан кейін ол жаққа ат ізін салмаған екен. 

“2007 жылы қасиетті жерге алғаш келген едік. Екінші ұлым, Имашыма 3 айлық аяғым ауыр болатын. Тұңғышымыздан кейін сегіз жыл бала тұрмады. Сол жылы Бекболатымыз бір қауіптен аман қалып, әкемнен айырылып жан дүнием боп-бос, әбіржіген кезімде ұлық Алла өзі шақырғандай жолымыз түседі.

Алғаш Әл-Харамға қадам басып, қағбаны көзіммен көрген кездегі әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Әкем тіріліп келетіндей еңіреп тұрып езілгенім әлі есімде. Бұл қасиетті жерде көзіңе жас алмау тіпті де мүмкін емес сияқты. Жүрек көзің ашылатыны сондай, өзіңнің шынайы табиғатыңды, қайдан келіп, қайда баратыныңды терең сезінесің. Күнделікті тірлікте тағып жүрген түрлі маскаларың шешіледі. Қысқасы, өз пенделік ақиқатыңды білесің”, – деп жазды әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі қажылық сапарға бала-шағасын ерте шыққанын айтты. Өйткені ұлдары есейіп, ел көруге жарап қалған көрінеді.

“Міне, Алланың қалауымен 16 жылдан кейін бала-шағамызбен келіп, кіші қажылықты өтеу бұйырды. Шүкір. Кенжетайымыздан басқаларын түгел ерте келдік. Ес білген шақтарында көзбен көріп, жүрекпен сезінсін дедік.

Енді үлкен қажылықты өтеу нәсіп етсін деп тіледім. 2025 жылдың басы қасиетті жерден бастау алып, жаңарып, тазарып , рухани азық алып жақсы болып қалдық. Алла қабыл еткендерден болайық!”, – деді эстрада жұлдызы. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды