Президент белгілі жазушы Төлен Әбдікке жеделхат жолдады

Аиса Махамбет Редактор
20.01.2025, 17:20
526
Президент белгілі жазушы Төлен Әбдікке жеделхат жолдады Aqorda

Тоқаев жазушыға жауап қайтарды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдікке «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған сұхбатына орай жеделхат жолдады.

«Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатыңызды мұқият оқып шықтым. Өзекті ой-толғамдарыңыз арқылы ұлт руханияты үшін құнды дүниелер айтылған. Төл әдебиетіміздің даму көкжиегіне қатысты сын-пікірлеріңіз бен жас буынға қарата айтқан ақыл-кеңестеріңіз орынды деп санаймын.

Шын мәнінде, жаһанды жайлаған қазіргідей құбылмалы заманда жазушылар қауымы көркем туындылары арқылы әділдік, жақсылық және адамдық құндылықтарын кеңінен дәріптегені жөн. Бұл еліміздің келешегі үшін өте маңызды. Қаламыңыз қарымды болсын! Сізге мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін! – делінген жеделхатта.

«Халық үшін қам жеген асыл азамат»: Сәкен Майғазиев қастандық жасалған Руслан Берденовке қолдау білдірді «Есесіне шетелдікке күйеуге шықпады»: Жан Ахмадиев отбасылы еркектен екіқабат боп қалған әпкесін мақтады «Әбден қанымды ішті»: Қалдыбек Құрманәлі қызы Әнару туралы шындықты айтты Шашқа арналған сусабын тауып алған әйел тақырбас жігітін опасыз деп айыптады Ердоғанның ұлы Ресейге деген махаббатын білдірді Ішкі қауіпсіздік министрін мейрамханада тонап кетті «Ауырдым дегенін естіген жоқпыз»: Еліміздің 115 жастағы ең қарт тұрғыны қара жұмысқа әлі тың екенін айтты (видео) Оралдың орталық көшелерінде күзге дейін ыстық су болмайды Отандық Cybernet AI стартабы Microsoft-тың жаһандық бағдарламасына өтті Жазушы Әкім Тарази дүниеден өтті Оралда мектеп оқушысы онлайн ойындар арқылы діни сектаға кіріп кеткен Астанада ҰҚК қызметкерінің мәйіті табылды Күйеуі өртеген Индира Тергеубаеваның ісі: айыпталушылар жазадан құтылып кетті Семейде итті ағашқа асып азаптаған адам зейнеткер әйел болып шықты «Хуторский Хасанға» қатысты қылмыстық іс туралы полицейлер мәлімдеме жасады Қазақстанның ірі қалаларында жаңбыр жауып, күн жылынады «Құрылыс саласын реттеуге байланысты»: Руслан Берденовке не үшін қастандық жасалғаны айтылды Дәрігерлер Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтты Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады Жастардың көзімен: Қазақстандағы тау-кен өндірісін дамыту жолдары