«Қазір модада»: танымал әнші Ayree күйеуінен жасы үлкен екенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
20.01.2025, 17:52
896
«Қазір модада»: танымал әнші Ayree күйеуінен жасы үлкен екенін айтты жеке мұрағатынан

Өнер иесі «Өзіңнен жасы кіші жігітке тұрмысқа шығу – сән» деді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі әнші Ayree екінші рет тұрмыс құрып, жолдасының кіші екенін мойындады. 

Өнер иесі “Мамский әңгіме” подкастында қонақ болып, жолдасы туралы айтып берді. 

“Біз колледжде бірге оқыдық. Бірақ кейін кездеспей, екі жаққа кеттік. Ол өзінің саласына кетті. Мен әншілік жолды таңдадым. Бір күні жұмыс бабымен жолығып қалдық. Сол кезде өзімде түсініксіз сезім болды. Ондай сезім ешқашан болған емес. Санамда “Мына адамға сенуге болады” деген ой қалыптасты. Содан араласып кеттік. Бірақ Шанхайда ұсыныс жасайды деп ойламадым. Мүмкін, көктемге қарай жоспарлаймыз деп жүрген едік. Ұсынысты қабылдағаннан кейін, туысқандардың чатына жібердім. Ешкім сенбейді. Мені тіпті құттықтаған да жоқ. Бәрі бейнебаян деп ойлапты. Анам шок болды. Әкем: “Дені сау бала ма?!” депті. Құдайдан күйеуімді сұрап едім. Дәл солай берді. Өте жақсы адам. Өз саласының үздігі”, – деді әнші. 

Одан кейін журналист “Күйеуің сенен екі жас кіші екен" деді. Оған Ayree “айтып қойдыңыз ғой" деп қалжыңдап еді, Айнұр Ілиясова “қазір жасы кіші жігіттерге күйеуге шығу сән ғой” деп жауап берді. 

“Жас айырмашылығымыз – 2 жас. Бірақ мүлдем білінбейді. Күйеуім туралы  айтатын, мақтайтын әңгіме өте көп. Шыны керек, мен қалай өзім тіледім, күйеуім қандай болуы керек екенін қалай елестеттім, сондай болып шықты. Сондықтан, қыздар, барлығын армандап, сұрап алыңдар. Ол 200 пайызға орындалады. Мен сыртқы келбеті емес, ішкі мінезін сұрадым. Бәрі сұрағанымдай болды. Өзім бірінші қадам жасап, парақшасына тіркелдім. “Ертең маған “Reels" түсіру керек, идея айтшы” деп жаздым. Содан қарым-қатынасымыз басталды”, – деді өнер иесі. 

Жұрт көзінше «неке түнін» өткізу дәстүрі көптің жағасын ұстатты (ВИДЕО) Атырауда әйелді көшеде ұрып-соққан ер адамға айыппұлмен құтылды «Болашақта қажет болуы мүмкін»: Путин ядролық соғысқа дайынбыз деп ескертті «Өтірік, екіжүзділік норма»: Дана Нұржігіт депутат Ардақ Назаровты сынап тастады «Сотталушылар күліп отыр»: Шерзаттың өліміне қатысты сотта тексеріс басталды Ақтау көшелерінде тыр жалаңаш жүрген еркек кафеге кіруге оқталды (ВИДЕО) Шымкентте 80 метрлік субұрқақ ашылды (ВИДЕО) БАӘ билігі оқушыларға жасанды интеллектіні пән ретінде оқыта бастады Енді театр мен музей билеттері қымбаттайды Төрт атаға жалғасқан дәстүр: Ұлттық ұланда әулетімен әскери қызмет атқаратын жанұя бар Тәркіленген көліктерді бәзбіреулер тонаған боп шықты Маңғыстаулық оқушы лингвистикалық олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды Кезекті Шерзаттың өліміне қатысты сот отырысы басталды: онлайн-трансляция «Тергеудегі күдікті»: Алматыда емханадан қашып кеткен адам қолға түсті Орал тұрғыны құтқарушыларды сақинасын шешіп беруге шақырған Астанада 30-дан астам автобус бағытын уақытша өзгертті 5 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды Емделіп жатқан Төреғали Төреәліге желі қолданушылары қолдау білдірді «Мәһр болғаны дұрыс»: Жахан Отарғалиев Дубайда келіншегіне мәһр сыйлады (ВИДЕО) Автобус күтіп тұрған 64 жастағы әйелге күтпеген жерден бейтаныс ер адам шабуылдаған