Қазақ еліне +1 айыппұл: «Рахмет» ретінде фарын жаққан алматылық жүргізушіге айыппұл салынды

21.01.2025, 14:14
866
Қазақ еліне +1 айыппұл: «Рахмет» ретінде фарын жаққан алматылық жүргізушіге айыппұл салынды бейнежазбадан алынған кадр

Алматы қалалық полиция департаменті неге айыппұл салынғанына жауап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист Михаил Козачков желідегі парақшасында Алматыда апатты жарықшамын "рахмет" белгісі ретінде жаққан көлік жүргізушісі айыппұл арқалағанын жазды.

Telegram-дағы Kozachkov offside арнасында жүргізушінің "аварийка" қосқаны, бірақ оны басқа көлікке "рахмет" белгісі ретінде қолданғаны үшін айыппұл салынғаны туралы видео пайда болды.

Алматы қалалық полиция департаменті әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа түсініктеме берді. Онда жүргізуші авариялық сигналды қосқаны үшін айыппұл салынғаны туралы жазылған.

“Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке жол-көлік оқиғасын туғызғаны үшін тартылған. Полицияға EUTNH порталы арқылы азаматшадан шағым түскен. Шағымда ол Назарбаев даңғылы бойында Мinivan жүргізушісінің оң жақ қатардан сол жаққа ауысуы барысында авариялық жағдай туғызғанын айтқан. Шағымда ол құқықбұзушыға қатысты шаралар қабылдауды сұраған. Тексеру барысында жүргізуші анықталып, жергілікті полиция қызметіне шақырылған.

Тексеру кезінде әкімшілік құқық бұзу кодексінің 606-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Авариялық сигналға қатысты жүргізуші инспектордан оның қолдану ережелері туралы сұрағаны рас. Алайда инспектордың жауабы контекстен тыс қиылып, әлеуметтік желіде жарияланған видеода жауапкершілікке тартылудың себебі ретінде қате көрсетілген. Бұл қоғамды шатастырған”, – деп жауап берді Алматы полициясы.

Алматы қалалық полиция департаменті әлеуметтік желі пайдаланушыларын ақпараттың дұрыс екенін тексермей жатып таратпауға шақырады.

Айта кетейік, апатты жарықшамын автокөлік жүргізушілері алғыс білдіру үшін пайдаланады. Бұл тәжірибе Еуропадан шыққан, онда жүргізушілер көп жылдан бері осылай "рахмет" айтады. Қазақстанда жүргізушілер көбіне авариялық сигналды бір рет қосып, алғыс білдіреді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады