«Әншілерге айыппұл салу керек!»: Саят Медеуов әріптестеріне қарсы айыппұл салуды сұрады

Аиса Махамбет Редактор
21.01.2025, 17:17
2107
«Әншілерге айыппұл салу керек!»: Саят Медеуов әріптестеріне қарсы айыппұл салуды сұрады жеке мұрағатынан

Қазір бәрі майдаланып барады деп ашуланды әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Саят Медеуов әріптестеріне қатысты күтпеген ұсыныс жасады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Өнер иесі “1001 түн” бағдарламасында қонақ болып, бүгінгі эстраданы сөз етті. 

“Мәдениет пен өнер саласында мен күйіп кететін нәрсе көп. Қазір аузына келген сөзбен ән жаза беретін әншісымақтар қаптап кетті. Сапасыз әншілерден, сапасыз ән туады. Оларға ешқандай шектеу болып жатқан жоқ. Содан кейін ойына келгенді жазады. Әннің сөзі әуенмен бірге төгіліп, поэзия секілді құйылып тұруы керек. Біз композитор, ақын, әнші деген үш тағанды жоғалтып алдық. Баяғыда ән осы үш тағанның уысынан шығып, сәтті екенін дәлелдейтін. Қазір бәрі майдаланып барады", – деп ашуланды Саят Медеуов. 

Сондай-ақ өнер иесі сахнада мән-мағынасы жоқ ән айтатындарға айыппұл салу керегін айтты. 

"Болмайтын ән айтатын әнші көп. Бәрі демеймін. Арасында жақсы әншілер де бар. Бірақ сапасыз ән айтатындарға айыппұл салу керек. Заңмен шектеп, олардың еркін көсілуіне жол бермеуіміз керек. Ақыры бәріне айыппұл салып жатырмыз ғой. Көлікті 5 минуттан артық қыздырғанға да айыппұл салып жатырмыз ғой, одан да өнерді ластап, мәдениетті құртып жатқан әншісымақтарға айыппұл салғанымыз абзал", – деді әнші. 

Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді