Журналистерге жасалған шабуылдардың тапсырыс берушісі ұсталды

04.03.2023, 16:48
714
Журналистерге жасалған шабуылдардың тапсырыс берушісі ұсталды

ІІМ мен ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы редакциялар мен БАҚ өкілдеріне жасалған шабуылдар дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналистерге жасалған шабуылдарды ұйымдастырушы және бастамашы Қазақстан азаматы Клебанов (Маневич) Аркадий Сергеевич екені анықталды. Ол ұсталды және соттың рұқсатымен қамауға алынды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы «Қауіп-қатер», 147-бабы «Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу», 158-бабы «Журналистік қызметке кедергі жасау», 202-бабы «Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру және 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қарастырылған айыптар тағылды.

Ұсталған адам істеген әрекетін мойындады. Жауап алу барысында барлық шабуылдарды өз бетінше ұйымдастырғанын, өйткені жеке себептер мен бірқатар қазақстандық танымал БАҚ өкілдеріне бұрынғы талаптарының болғанын мәлімдеді.

Клебанов-Маневич құқыққа қайшы жоспарларын іске асыру үшін хакерлер тобы мен акцияларды орындаушыларды жалдаған. Арандату мақсаттары мен нұсқаларын өз бетінше таңдаған. Орындаушыларға берілетін қаражатты криптовалюта операциясынан түскен пайда есебінен төлеп отырған. Тергеу жалғасады, оның нәтижелері туралы қосымша хабарланады. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды